«DNR» хостинг-провайдері «PS» интернет компаниясымен бірікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«DNR» хостинг-провайдері «PS» интернет компаниясымен бірікті

21.10.2014
«DNR» хостинг-провайдері «PS» интернет компаниясымен бірікті

«PS Интернет-компаниясы» ЖШС DNR («SKILLTEX» ЖШС) хостинг-провайдерімен бірікті.  Осылайша, олар Қазақстандағы хостингтік қызметтер нарығындағы орнын нықтап алмақ. Біріккен соң, жалпы пайдаланушылар базасы 25 мыңнан астам клиентке артып, тіркелген домендік есімдер саны – 40 мыңнан аспақ. Сондай-ақ, техникалық қолдау тапқан сайттар саны 20 мыңнан жоғары көтеріледі.

«PS Интернет-компаниясының» ортақ құрылтайшысы және бас директоры Никита Красулин бұл туралы былай дейді: «Біз DNR-дің даму жолын үнемі бақылап отыратынбыз. Ірі компаниямен біріккенімізге қуаныштымыз. Мұндай ауқымды келісім Қазақстандағы хостингтік қызметтер нарығында алғаш рет болып отыр», -дейді ол.

«SKILLTEX» ЖШС-нің негізін қалаушы Сергей Шевченко: «Дамудың келесі кезеңі ретінде біз «PS Интернет-компаниясымен» бірігуді дұрыс көрдік. Себебі, «PS» компаниясы бізге қызмет түрі бойынша жақын. Бұл – екі тарапқа да күрделі қадам. Сол себепті де бұл жайт біздің клиенттерімізге жаңа мүмкіндіктер мен қызмет көрсетудің озық үлгісін ұсынуы қажет. Мен басқа жобалармен айналысу үшін  өкілдігімді тапсырып, хостинг және тіркеу нарығынан кетемін»,-деді.

Келіссөздер нәтижесінде DNR компаниясының клиенттеріне мынадай мүмкіндіктер ашылатын болды. Олар: Бәсекеге ең қабілетті деген тарифтер бойынша colocation-хостинг қызметі, сайттарды қорғауға бағытталған және оларды іздеу жүйелерінде үздік саралауға арналған ssl-сертификаттар,  интернетте тіркеуге арналған 300-ден астам аймақтық және тақырыптық домендік орындар.

«PS Интернет-компаниясының» тұтынушылары да жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Олардың қатарында автоматтандырылған «Jelastic» платформасын пайдалану мүмкіндігі және SMS-хабарландыру жүйесінің баптаулары бар.

Хабарламаларға жазылу