Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында Құралай сұлу кесенесі ашылды.
«Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасын оқымаған қазақ баласы кемде-кем шығар. Құралай сұлу – қазақтың руһын, қазақ қыздарының өрлігін, қанының тазалығын, тектілігін білдіретін тұлға.
1983 жылдары Шу бойынан «Құралай сұлу» аңшылық шаруашылығы ашылған. Бүгінгі тәуелсіздіктің арқасында Құралай сұлудың күмбезін жаңартып отырмыз.
Аңшылық-шаруашылық жабылғаннан кейін, мен осы күмбездің орына келіп, кішкене тақтайшаға «Үнсіз тұрып бұл қабірдің басында, Қайғырыңдар үлкенің де, жасың да. Қазағыңның ар-намысын сатпаған, Қасиетті ару жатыр осында» деп жазып қалдырған едім», - дейді шарада сөз алған құсбегі, этнограф Жапар Сатылғанов.
Сондай-ақ, кесененің ашылу салтанатына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты.
«Облысымызда 2 мыңға жуық тарихи ескерткіш бар. Олардың әрқайсысының өз орны бар. Бұл облысымыздағы елеулі кесененің біріне айналары сөзсіз», - деді өз сөзінде аймақ басшысы.
aikyn.kz