Орал әуежайының жұмысы қайта жанданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал әуежайының жұмысы қайта жанданады

23.10.2014
Орал әуежайының жұмысы қайта жанданады

15 қарашадан бастап Орал әуежайында әуе рейстері қайта жандандырылады. Әуежайдың ұшып-қону жолағын (ҰҚЖ) күшейту Boeing-757/737, Airbus-319/320/321, Ан-24, Fokker-100, CRJ-200 және Embraer-190 сынды заманауи  әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Ұшып-қону жолағын жөндеу жұмыстары  қыркүйек айында басталды. Реконструкцияның бірінші кезегі қараша айының ортасында аяқталуы жөнінде Азаматтық авиация комитетінің басшылығы хабарланды.

Жөндеу нәтижесінде ҰҚЖ-ы 30 сантиметр қалыңдығы бар цемент-бетонды жамылғымен күшейтілді. Жұмысқа 205 адам мен 61 техника бірлігі тартылды.  

Реконструкцияның екінші кезегін аяқтағаннан кейін ҰҚЖ 2400-ден 2800 метрге  дейін ұлғайтылады. Оның екі жағынан әрқайсысының жалпақтығы 7,5 метр жанама қауіпсіздік жолақтары құрастырылады.

Сонымен бірге әуежайда жарықпен ескерту құрылғыларын ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл шектеулі көру мүмкіншілігі болған жағдайда әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Барлық шараларды жүзеге асыру 2015 жылға қарай Орал әуежайы параметрлерін ИКАО талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Фото: mgorod.kz 

Хабарламаларға жазылу