Дулат Иманқажы – Меккеге жаяу барып-қайтқан қазақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дулат Иманқажы – Меккеге жаяу барып-қайтқан қазақ

24.10.2014
Дулат Иманқажы – Меккеге жаяу барып-қайтқан қазақ

Төрт айда  Астанадан Сауд Арабиясына дейін жаяу жүгіріп өткен Дулат Иманқажы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Мен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарын басып өттім. Ақтау арқылы Бакуге, одан әрі Иран мен Кувейт арқылы Меккеге жаяу жеті мың шақырым жолдың бес мың шақырымын жаяу жүгіріп өттім. Мен сапарды 39 жасымда бастадым. Мұндағы айтпағым, спорттың ерте-кеші жоқ. Кез келген жаста спортпен айналысу қажет»,-дейді Дулат Иманқажы.

Мекке жеріне табаны тигендегі әсерімен бөліскен ол: «Қағбаның жанына барғанда көзіме жас келді. Жер бетінде кішкентай ғана құмырсқа сияқты пенде екенімізді сол кезде түсіндім. Онда барғандағы әсерді сөзбен айтып жеткізу қиын. Қандай қиындықпен болса да, Мекке жеріне жеткеніме қатты қуандым»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу