Радик Тюлюш шеберлігін жылдар бойы шыңдаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Радик Тюлюш шеберлігін жылдар бойы шыңдаған

24.10.2014
Радик Тюлюш шеберлігін жылдар бойы шыңдаған

Көмеймен ән айтудың кереметтігі адам бір мезгілде екі түрлі үн шығарады. Дауыстың бөлшектенуі пайда болып, басты үн-бурдон және әуенді үн-обертон шығады.

Сырттай тыңдағанда, екі адам ән салып жатқандай естіледі. Радик Тюлюш өзінің шеберлігін жылдар бойы шыңдаған. Оның айтуынша, осылай ән салуға кез келген адамды үйретуге болады.

Көмеймен ән салуды және халықтық музыкалық аспаптарда ойнауды ол әр жылы жазда қонаққа барғанда атасынан үйренген. Шебердің айтуынша, оның композициясы - табиғат үні, адам оның формасын көркемдейді.

Бүгін 12.45-те «Менің Қазақстаным» хабарынан Тува халқының әншісі Радик Тюлюштің концертін көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу