Астанада Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

24.10.2014
Астанада Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

 

Ертең Астанада Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері халыққа өз өнімдерін ұсынады. Аталған өңірлер 1100 тоннадан астам түрлі өнім әкеледі.

Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданы мен Петропавл қаласының өкілдері жәрмеңкеде 760 тонна ауылшаруашылық өнімнің 100 атауын, соның ішінде, 400 тонна көкөніс, 60 тонна ет, 15 тонна шұжық өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 20 тонна ұн, 10 тонна макарон өнімі, 15 тонна бал мен омарташылық өнімдер, 15 тонна балық пен 220 тонна басқа да азық-түлік өнімдерін сатады.

Қызылорда облысынан 7 аудан мен Қызылорда қаласының кәсіпкерлері жәрмеңкеге қатысады. Жалпы, 414 тонна өнім, соның ішінде, 140 тонна көкөніс, 95 тонна күріш, 91 тонна бақша дақылдары, 25 тонна балық, 20,2 тонна ет пен 41 тонна басқа да өнімдер ұсынады.

Хабарламаларға жазылу