ҚР Қарулы Күштерінің әуеайлағында «Үздік жүргізуші» сайысы аяқталды. Сайысқа Ақмола гарнизонына қарасты әскери бөлімдер мен бөлімшелерден іріктелген әскери қызметкерлер қатысты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
Олар саптық, дене, атыс даярлығы, автокөлік техникасының материалдық бөлігін меңгеру және автокөлікті жүргізу дағдылары бойынша сынға түсті. Додада, сондай-ақ, жылдам маневр жасауға және кедергілер жолағынан өтуге ерекше назар аударылды.
Сайыс қорытындысында аға сержант Еркін Қонақбаев жеңімпаз атанды. 2-ші орын кіші сержант Александр Черниковке бұйырды. Ал, аға сержант Ерболат Махмабетов 3-ші орынды місе тұтты.