«Сенбілік таң» - Әселхан ақынның отбасында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» - Әселхан ақынның отбасында

24.10.2014
«Сенбілік таң» - Әселхан ақынның отбасында

«Қозатын өлең десе делебесі, мен ақын Ергөбектің немересі» деп ақын Әселхан Қалыбекова өзі жырлағандай атасы Ергөбектің сұрауына дер кезінде үн қосып, әлеуметтік қайшылықтарды жете жырлаған  сергек ойшыл ақын.

Десек те, Әселхан Қалыбекова өзін жазба ақын ретінде де мойындатып қойған. Бұған дәлел «Отырар аспаны», «Басыңды тікпей бақ қайда», «Сырттап кеткен тамырлар», «Жыр шапағат» сол сияқты т.б. таңдамалы жинақтары.

Әселхан ақынның айтыс өне­­рімен біте қайнасып кеткені сон­шалық, ақынды ай­тыстан, айтысты ақыннан бө­­ліп қарау қиын.

Ертең «Сенбілік таң» бағдарламасы айтыскер ақын Әселхан Қалыбекованың отбасында қонақта болады. Ұлттық арнадан 09.00-де көріңіз.

Хабарламаларға жазылу