Бұған дейін Иран тарапы Маңғыстау облысында өндіріс орнын салу туралы ұсыныспен шыққаны белгілі. Өйткені, бұл елдің мұнай өңдеу зауыттары солтүстігінде, ал кен орындары оңтүстігінде орналасқан.
Шикізатты зауытқа тасуға шығын өте көп кететіндіктен Иран Каспий аумағындағы көрші елдерден мұнай алу жолдарын қарастырған. Маңғыстауда 550 миллион тонна мұнай бар екені дәлелденген. Өңірде өңдеу кәсіпорнын ашу ел экономикасы үшін өте тиімді болмақ.
Индира ТҰРСЫНБАЙ