Замбияның оңтүстігінде паром аударылып, 26 адам қаза тапты. Олардың 23-і- балалар. Бұл туралы африкалық БАҚ хабарлады.
Полицияның мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 24 қазанда Кариб өзенінде болған. Құқық қорғау органдары апат суднаға шектен тыс жүк артылуынан болған дегенді айтады.
Құтқару жұмыстарына полицейлер мен әскери қызметкерлер жұмылдырылды.