«Алматы-Қапшағай» автожолы 2017 жылдан бастап, ақылы жүйеге көшпек. Бұл туралы Инвестициялар және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Қазіргі уақытта тасжолдың 104 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін оның 10 шақырымын тапсыру жоспарланған.
«Алматы-Қапшағай» жолындағы жөндеу жұмыстары 2012 жылы басталды. Жоба келер жылы аяқталады. Жол бірінші техникалық категориялық параметрлер бойынша салынуда. 2017 жылдан бастап, ақылы жүйе енгізіледі», деді вице-министр.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, баға әлі бекітілген жоқ. Тасжолдың 63 шақырымы алтыжолақты, 41 шақырымы төртжолақты болады.