28-30 қазанда арктикалық ауа әсерінен Қазақстанның басым аумағында қар жауады. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстанда ауа температурасы 8-12 градусқа дейін төмендейді.
Суық антициклон Қазақстан аумағында үш тәулік бойы сақталады. Кейін шығысқа қарай ауады. Ал, солтүстіктен соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады.
Айта кетейік, бүгін Астанада -6 градус салқын. Солтүстіктен соққан жел екпіні – 4 метр/секунд.