Павлодарда «Бауырсақ Party» патриоттық акциясы ұйымдастырылды, деп жазады pavlodarnews.kz.
Шараны ұйымдастырушылар - Павлодар облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жанындағы жастар бастамаларын дамыту орталығы және Қазақстан студенттері альянсы ұйымының аймақтағы филиалы.
Айта кету керек, «Бауырсақ Party» акциясы Павлодарда 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Шараның мақсаты - ұлттық дәстүр мен тағамдарды насихаттау.
Акцияға студенттер мен жергілікті тұрғындар қатысып, 30 келі бауырсақ пісірілді.