Шымкентте қуаты екі балдық жер сілкінісі болды. Оның кіндігі қалалық сейсмикалық стансадан 15 шақырым жерде тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шымкенттіктер дүмпуді шамамен сағат 14.12-де сезген. Қазір қаланың қай бөлігінде орын алғанын нақты анықтау үстіндеміз», - деп хабарлады инженер- синоптик Ерікбай Егемберді.
Оның айтуынша, Шымкент сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Қалада дүмпу 8 балға дейін болуы ықтимал. 1937 жылдан бергі бақылау бойынша дүмпу күші 5-6 балдан аспаған.