Республикалық жолдар қысқы маусымға толық дайын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық жолдар қысқы маусымға толық дайын емес

28.10.2014
Республикалық жолдар қысқы маусымға толық дайын емес

ҚР Ішкі істер министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігінің Автокөлік жолдары комитеті республикалық жолдардың қысқа дайындығын талқылады. Жиын барысында «ҚазАвтоЖол» мен «Қазақавтожолдың» облыстық филиалдарына 1 қарашаға дейін қысқа дайындықты толық аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, қауіпті учаскелер де басты назарда болуы тиіс. Қазіргі уақытта республикалық жолдар қысқы маусымға 91 пайызға ғана дайын.

«Біз қысқы маусымға дайындалудамыз. Республикалық маңызы бар жолдарда автокөлік қозғалысының тоқтатылмауын жіті қадағалаудамыз. Енді көліктің өзінің қысқа дайындығы жүргізушілерге байланысты», - дейді Автокөлік жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайранбек Бармақов.

Хабарламаларға жазылу