YouTube интернет қолданушылардың видеохостингке жазылудың жаңа жолдарын қарастыруда. Олар жазылымдарды ақылы етпек. Осылайша, пайдаланушылар жарнамадан арылады. Бұл туралы YouTube-тің бас директоры Сьюзан Войжитски мәлімдеді.
2013 жылы видеохостинг кейбір каналға жазылымдарды сатуға рұқсат берген болатын. Алайда, одан кейін бұл әрекет тоқтатылған.
Сондай-ақ, бас директор YouTube Music Key жаңа музыкалық сервисін іске қосатынын мәлімдеді. Дегенмен, сервис туралы нақты деректерді Сьюзан Войжитски жасырын қалдырды.