Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына дайындық жалғасуда (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына дайындық жалғасуда (ФОТО)

29.10.2014
Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына дайындық жалғасуда (ФОТО)

Бұл жарысқа 683 зілтемірші сынға түседі. Оның ішінде 279 әйел, 404 ер спортшы бар.

Өз жеріміздегі додада Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Тағы төртеуі резервте. Бізбен қатар, Беларусь, Қытай, Колумбия, Эквадор, Египет, Германия, Үндістан, Италия, Жапония, Польша, Ресей, Тайланд, Түркия, Украина және АҚШ толық құрамда қатысады.

Сонымен, Алматы төрінде сынға түсетін спортшылар тізімі мынадай: Маргарита Елисеева (48 келі), Зүлфия Чиншанло (53 келі), Сәуле Сәдуақасова (58 келі), Майя Манеза (63 келі), Карина Горичева (63 келі), Жазира Жаппарқұл (69 келі), Гүлназ Наурызова (69 келі), Светлана Подобедова (75 келі), Анна Нұрмұхамбетова (75 келі), Арли Чонтей (56 келі), Альберт Линдер (69 келі), Кирилл Павлов (77 келі), Медет Жүндібаев (77 келі), Владимир Седов (94 келі), Рүстем Сыбай (94 келі), Илья Ильин (105 келі), Жасұлан Қыдырбаев (105 келі) , Ибрагим Берсанов (+105 келі), Селімхан Әбубәкіров (+105 келі).

Әлем чемпионаты Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді. Бұл доданың басты ерекшелігі - 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама берілуі.

Хабарламаларға жазылу