2015 жылы Омбы және Павлодар облыстары кеме жолдарын іске қоспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы Омбы және Павлодар облыстары кеме жолдарын іске қоспақ

30.10.2014
2015 жылы Омбы және Павлодар облыстары кеме жолдарын іске қоспақ

Бұл жөнінде бүгін форум барысында белгілі болды. Омбы және Павлодар облыстары арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың бір тетігі ретінде Ертіс арқылы кеме жолдарын дамыту мәселесі қарастырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Омбы облысының экономика министрі  Александр Третьяков кеме жолдарын іске косу жұмыстары 2015 жылы басталатынын  мәлім етті.  Сондай-ақ, ол Ертіс өзені мәселесі мен кеме жолдарының болашағын тілге тиек етті.

"Бүгінгі таңда Омбы облысында 150 қазақстандық кәсіпорын табысты еңбек етуде. Бұл ретте жоғарыда аталған жоспар жүзеге асырылса, зор мүмкіндіктерге де жол ашылмақ. Яғни, бұл істен ұтарымыз көп. Осыдан бір ай бұрын Омбы және Павлодар облыстарының кәсіпкерлері осы мәселе төңігерінде ой бөліскен болатын. Стратегиялық жоспар сәтімен іске асады деген үміттеміз", - деді Александр Третьяков.

Хабарламаларға жазылу