Жыл сайын бюджеттен қазақстандықтар шетелде ем алу үшін 1 миллиоардқа жуық теңге бөлінеді. Соның ішінде, жолақыға 50 мыңнан 250 мың АҚШ долларына дейін қаражат бөлінеді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.
2013 жылы 84 қазақстандық шетелде ем алған. Олар Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь және Германияға жолдама алған.
Айта кетейік, жыл сайын 200-ден астам науқас шетелде ота жасату үшін кезекке тұрады. Ал, қайырымдылық қорлар олардың ішінде 1-2 науқасқа ғана жолдама бере алады.