Мәжілісте Қазақстан мәдениетінің даму мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте Қазақстан мәдениетінің даму мәселелері талқыланды

30.10.2014
Мәжілісте Қазақстан мәдениетінің даму мәселелері талқыланды

Мәжілісте «Бүкілқазақстандық мәдениеттің қазіргі жай-күйі және даму үрдістері» тақырыбында әлеуметтік зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы өтті.

Негізгі баяндаманы Еуразиялық интеграция институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Жанар Құсманғалиева жасады.

Таныстырылым шеңберінде Қазақстан мәдениетінің даму мәселелері талқыланды.

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры Альмира Наурызбаева, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерделеу орталығының басшысы Айгүл Сәдуақасова, театр сыншысы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Әшірбек Сығай, кино режиссері Рашид Нұғыманов ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ, шараға Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері,  ғалымдар мен сарапшылар қатысты. 

Хабарламаларға жазылу