Жас өнертапқыштардың жобасы жүзеге асуы мүмкін. Шымкентте инновациялық жобалар бойынша сайыс өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Шараны «Шымкент инновация» мекемесі мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің ұжымы қолға алған. Басты мақсат — жаңа информациялық технология, оның ішінде IT бағытын дамыту.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа қатысуға 40-тан астам ғылыми жоба келіп түскен. Қазылар алқасының шешімімен қатысушылардың оны ақтық сынға жолдама алды.
Сайыс барысында жас авторлар өздерінің жобаларын таныстырып, оны жүзеге асыру жолындағы жұмсалатын қаржының көлемін де көрсетті. Нәтижесінде арнайы жүлдені «Супер келіншек» сайт-жобасын ұсынған Ақерке Баймұратова иемденді. Үшінші орынға 55 мың теңге қаржылай сыйақы тағайындалған. Оны медициналық тексерілу мен кеңесті ұсынған Азамат Бетелеуов еншіледі. «Электронды физика» жобасымен Динара Бесейтова 2-орыннан көрінді. Жеңімпазға 75 мың теңге табысталды.
Ал бірінші орынды М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің студенті Артем Федоскин «Оңтүстік карта» жобасын ұсынып, 100 мың теңге ұтып алды.