Алдағы демалыс күндері қалалық әкімдік алдындағы алаңда дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. 1-қарашада елорда тұрғындары мен қонақтарына Ақмола облысының тауар өндірушілері келеді. Бұл осы маусымдағы соңғы жәрмеңке болмақ.
Өткен демалыста Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары елордадағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынған еді.
Биыл ауылшаруашылық жәрмеңкелері 20 қыркүйекте басталып, 2 қарашада аяқталады. Жәрмеңкені өткізудің басты мақсаты – сауда емес, мерекелік көңіл-күй мен еліміздің түрлі өңірінде тұрып жатқан қазақстандықтарды біріктіру, дейді ұйымдастырушылар.