Павлодар облысының туристік кластерін дамытудың бас жоспары қарашада дайын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының туристік кластерін дамытудың бас жоспары қарашада дайын болады

31.10.2014
Павлодар облысының туристік кластерін дамытудың бас жоспары қарашада дайын болады

Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаев «Ertys Invest - 2014» халықаралық форумын қорытындылау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Палводар өңірінің туристік әлеуетін арттыру жүйелі жұмысты қажет етеді. Бұл мақсатта бас жоспар әзірленуде. Маңызды құжат осы жылдың қараша айында аяқталып, бекітілмек. Құжатты дайындауға Германия және Жапония елдерінің білікті мамандары тартылған. Жоспар негізінде Баянауыл өңірі мен Шалдай орман алқабына басымдық берілуі мүмкін. Алдымен инфрақұрылымды ретке келтіру қажет», - деді аймақ басшысы.

Хабарламаларға жазылу