Бүгін еліміздің бірқатар аймағында ауа ағынының өтуіне байланысты кейбір жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Республиканың солтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында күн ашық. Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25 м/с дейін сақталуда, кейбір жерлерде жел екпіні 30 м/с дейін болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, Маңғыстау облысында көктайғақ болып, жел (15-20 м/с) тұрады.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кейбір жерінде тұман түседі, Атырау облысының кейбір жерлерінде көктайғақ болмақ.