1934 жылы маусым айында Мәскеуде Кеңес Жазушылар одағы құрылды, соған орай Қазақстанда да Жазушылар одағы шаңырақ көтерді. Әне, сол күндерден бастап Жазушылар одағы мен еліміздің тарихы біте қайнасып келеді.
Аштықтың, қуғын-сүргіннің, соғыстың қиындықтарына қарамастан ел еңсесін көтерді. Қазақ жазушылары елдің, ұлттың тарихы мен тағдырын қозғаған, мәдениет пен өнерді биік деңгейге көтерген туындылар берді.
80 жасқа толған одақтың бүгінгі жағдай қалай? Неге бүгінгі жазушылар қаламақы алмайды? Біздің қоғам жазушылардың мүмкіндігін дұрыс пайдалана алып отыр ма? Бүгін 21.05-те «Айтуға оңайдан» көріңіз.