Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүзеге асырып отырған саясаты Орталық Азияны жаһандық көлік дәлізіне шығаруға мүмкіндік берді.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қазақстан-2050: Шығыс пен Батыс арасындағы жаңа континенталдық көпірлер» атты дөңгелек үстелде Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин осылай деді.
Сондай-ақ, Қазақстанда жүзеге асырылып отырған ірі жобалар туралы айта келе, жақын уақытта ашылатын Қазақстан-Түркіменстан-Иран маршруты бірнеше маңызды өңірді біріктіретінін атап өтті.
«Бұл - оңтүстік бағытта жүзеге асырылған бірінші жоба. Оның ұзындығы - 900 шақырымнан астам, өткізушілік қабілеті 10 миллион тоннаға жуықтайды.
Осы маршруттар Қазақстанның және бүкіл өңірдің әлемдік саудаға қызу араласуына мүмкіндік ашады», - деп атап өтті Е.Қарин.
ortcom.kz