Семейдегі ядролы медицина орталығы жыл соңында ашылады. Бұл туралы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі Серікбол Мусинов мәлімдеді.
Онкологиялық қызметті дамыту үшін елде арнайы іс-шаралар қолға алынды. Жыл соңына дейін Семейде ядролы медицина орталығы ашылады. Мұндай орталық, сондай-ақ, 2015 жылы Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында да ашылмақ»,- дейді С. Мусинов.