Қазақ отбасындағы әженің орны ерекше қадірлі. Әже – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-туғанның, абысын-ажынның бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі.
Қазақ қоғамында әулетті тура жолдан тайдырмай, дұрыс тезге салуда, жеткіншіктерді жастайынан адами келбет ауанынан алыстатпай тәрбиелеу үрдісінде ақ жаулықты әжелердің алар орны қашан да бір төбе болғаны анық.
Ал, бүгінгі әже қандай? Қазіргі әжелер немерелеріне ертегі айта ма? Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» хабарынан көріңіз.