11 қараша күні Алматы қаласындағы Метроның «Байқоңыр» станциясында суретші Аңсаған Құрманғазықызы Мұстафаның (Аңса Мұстафа) көрмесі ашылады. Көрме қараша айының 25-іне дейін жалғаспақ. «Сөйле, сурет» атты көрменің негізін ғаламторда танымал суреттер құрайды. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар хабарлады.
«Көрменің негізгі мақсаты қазақ жастарына, тәлім тәрбиені заманауи және әркімге бірден түсінікті инфографика тәсілін пайдалана отырып жеткізу. Көрмені алдағы жылы еліміздің басқа да қаларына апару жоспарда бар», делінген хабарламада.