Тұмауға қарсы екпе жасау ЖРВИ ауруларының алдын алуға көмектеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұмауға қарсы екпе жасау ЖРВИ ауруларының алдын алуға көмектеседі

08.11.2014
Тұмауға қарсы екпе жасау ЖРВИ ауруларының алдын алуға көмектеседі

Тұмаумен ауырған 90 адамның 35-сі 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлады Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі.

Аурудың алдын алу және салдарын болдырмау үшін екпе жасату қажет. Қорғанудың бұл түрі тұмау вирусын жұқтырған жағдайда да аурудың асқынуына жол бермейді.

Бұған дейін Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова хабарлағандай, вакцинаны алуға иммунитеттің қалыптасуына 2-7 күн қажет және 6 айдан 12 айға дейін сақталады.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік бюджет есебінен халықтың осал топтарын (созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларына, иммундық жетіспеушілікке шалдыққан балалар, әлсіз және жабық мекемелерде (балалар үйлері, мектеп-интернаттар) жиі ауыратын балалар, қарттар үйлерінің вонтингенті, медициналық қызметкерлер мен жүкті әйелдер) вакцинациялау жоспарланған. Сонымен қатар, халықты ақылы негізде жұмыс берушілердің есебінен вакцинациялау қарастырылған.

Еске салайық, Астана қаласында қосымша екпе жасайтын орындар мына медициналық мекемелерде ашылған:

- № 1,2,4,5,6,7,8,10 қалалық емханалар;

- «Интертич» МО (Кенесары көшесі, 1, т.51-53-00);

- «Медлайн» МО (Жангелдин көшесі, 4, т.44-34-54);

- «Медикер» МО (Қабанбай батыр даңғылы, 17, т.55-80-41);

- «Open Clinik» МО (Отырар көшесі, 18/2, т.21-95-72, 20-04-82);

- «Фармаком» КФК ЖШС (Б. Майлин көшесі, 15, т.35-07-16);

- «Интертич Астана Медицинский Ассистанс» МО (Мәскеу көшесі, 38, т.53-96-18);

- «Медикал Ассистанс групп» ЖШС (Сығанақ көшесі , 21/1, т.50-41-35);

- «Архимедес Қазақстан» ЖШС (Сарайшық көшесі, 5, т.99-95-95, 49-96-96).

 

Хабарламаларға жазылу