«Келбет» - Әбдуәлі Баешов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келбет» - Әбдуәлі Баешов

08.11.2014
«Келбет» - Әбдуәлі Баешов

Әбдуәлі Баешовтің 1000-нан аса ғылыми еңбегі жарық көрді, оның ішінде 22 монография және оқулық бар. 150-ден аса Кеңес одағының авторлық куәліктері мен Қазақстан Республикасының және шетел патенттері (АҚШ, Канада, Қытай, Ұлыбритания, Австралия, Голландия, Венгрия және т.б.) бар.

Кеңестер одағының Өнертабыс және жаңалықтар жөніндегі мемлекеттік комитетінің шешімі бойынша, оның екі ғылыми патентіне, пионерлік және өте тапқыр шешім болғандықтан, автор есімі берілді.

Олар: «Фосфор шламындағы фосфорды анықтаудың Букетов-Баешов әдісі» (1983 ж) және «Ультрадисперсті мыс ұнтағын алудың Баешов-Журинов әдісі» (1987 ж) деп аталады.

Академик Е.Букетов пен А.Баешовтың ғылыми жаңалығын өте жоғары бағалаған Америка ғалымдары 1990 жылдары аспанда жаңадан табылған жұлдызға «Букетов – Баешов жұлдызы» деп ат қойыпты.

Бүгін 16.25-те «Келбет» бағдарламасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу