Геннадий Головкин Штурм-Штиглицтің жекпе-жегін тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Штурм-Штиглицтің жекпе-жегін тамашалады

09.11.2014
Геннадий Головкин Штурм-Штиглицтің жекпе-жегін тамашалады

Кеше Германияда рингке екінші орта салмақ бойынша WBO нұсқасы титулының бұрынғы иегері, 33 жастағы Роберт Штиглиц пен орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, 35 жастағы неміс спортшысы Феликс Штурм шықты.

Он екі раундтың қорытындысы бойынша бір төреші жеңісті 115-113 есебімен Штурмға, ал, екінші төреші дәл осындай есепті Штиглицке берді, үшіншісі болса, 114-114 есебімен тең ойын болды деп есептеді. Жекпе-жектен кейін екі боксшы да қарымта матчт өткізуге ниеттерін білдірді.

Бұған дейін бұл айқастың жеңімпазымен кездесуге әзір екендігін мәлімдеген, осы жекпе-жекті тамашалаған WBO  бойынша орта салмақтағы чемпион Артур Абрахам бұл бәсекеде Штурм жеңді деп есептейді.

Ал, орта салмақтағы WBA чемпионы Геннадий Головкин болса, төрешілерінің шешімімен келісті, деп хабарлайды sports.kz. 

Хабарламаларға жазылу