«Tara Jarmon» – Канададан Францияға келген студент Тара мен ерлер киімі маркасында жұмыс істейтін Дэвид Жармонның кездесуінен туындаған бренд. Махаббат олардың жүректерін ғана емес, талғамдарын да қосқан.
Олар өздерінің жеке брендін ашуды қолға алады. Осылайша, өмірге «Tara Jarmon» бренді келеді. Тазалық, өмірге ғашықтық, қуаныш белгілері сезілетін киім үлгілерінің дизайнына Тара жауапты. Әр үлгіге атау беретін де – Тара.
Француздық дизайнер Тара Жармон бүгін «Түнгі студияда» қонақта. Ол қазақтың қай сөздерін есіне сақтады? Нұрлан Қоянбаевтың тосыннан қойған сауалдарына қалай жауап береді? Бүгін 23.30-да көріңіз.