Еске сала кетейік, байрақты бәсекеде 72 елден 538 спортшы бақ сынауда.
Әйелдер 7 салмақ дәрежесі бойынша (48, 53, 58, 63, 69, 75, +75 келі) сынға түссе, ерлер жеңімпаздар мен жүлдегерлерді 8 салмақта (56, 62, 69, 77, 85, 94, 105, +105) анықтайтын болады.
Қазақстан құрамасы бұл додаға толық құрамда қатысып отыр.
Жарысты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.