Биыл Қаратау мен Сыр өңіріне атағы шыққан, дүлдүл күйшілердің бірі Әлшекей Бектібайұлының туғанына – 167 жыл. Осыған орай аудандық Мәдениет үйінде «Әуезді күйдің құдіреті» атты еске алу кеші өтті. Бұл туралы Жаңақорған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кешке аудан әкімі С.Тәуіпбаев, зиялы қауым өкілдері, ауданның құрметті ардагерлері, ҮЕҰ мүшелері мен жастар қатысты.
Күйші турасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А.Сопыбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағамбетов баяндама жасады.
Кеш соңында өмірі де, өнері де үлгі болар күйшінің құрметіне арналған облыстық күйшілер сайысының жеңімпаздары марапатталып, сый-сияпат ұсынылды.