Өскеменде «Абайды танып, біл» атты суретшілер байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде «Абайды танып, біл» атты суретшілер байқауы өтті

18.11.2014
Өскеменде «Абайды танып, біл» атты суретшілер  байқауы өтті

Өнер мұражайында ұйымдастырылған көрмеге 33 автордың 57 еңбегі қойылды.

«Мемлекет басшысы «Абай – бүкіл қазақтың бойтұмары» деген болатын. Елбасы айтқандай, Абайдың ілімі әр жүректе жатталып, әр отандасымыз елі мен жерін Абайдай сүйсе, саналы ғұмырын халықты жақсылыққа үйретуге арнаса, жамандықтан жирене білсек, біз де озық елдердің қатарына қосыламыз.

«Абайды танып, біл» байқауының түпкі мәні – осында», - деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков.

Байқау нәтижесі бойынша, есімі елге танымал павлодарлық суретші Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың еңбектері бас жүлдені жеңіп алды.

Сондай-ақ, қылқалам шеберлері «Портрет», «Сюжеттік шығарма», «Мүсін», «Тарихи нақтылық», «Тақырыпты философиялық оқу» және «Жас дарын» аталымдары бойынша марапатталды, деп хабарлайды egemen.kz.

Хабарламаларға жазылу