Алматыда жарылыс болған колледждің мұғалімі қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жарылыс болған колледждің мұғалімі қамауға алынды

18.11.2014
Алматыда жарылыс болған колледждің мұғалімі қамауға алынды

Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап, egemen.kz хабарлады.

Жарылыстан қаза тапқан қыздың есімі анықталды. Ол осы колледждің 16 жастағы студенті Светлана Яковлева.

Ал, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Манас Рамазанов жарақат алған бес студенттің жағдайы ауыр екенін айтты.

Қала басшысы Ахметжан Есімов қаза тапқан қыздың және зардап шеккен өзге де балалардың отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы бұйрық берді.

 Сонымен қатар, қаладағы барлық оқу орындарында алғашқы әскери дайындық пәніне арналған оқ-дәрі имитаторларын қолдануға уақытша тыйым салуды, қару-жарақтарды заңға сәйкес тәркілеу туралы жарлық дайындауды тапсырды.

Шаһар басшысы арнайы комиссия құрып,  оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын бақылауында ұстайтынын айтты.

 Бұл іспен енді әскери прокуратура және Ішкі істер департаменті айналысатын болады.

Хабарламаларға жазылу