Қазақстандық фильм грант иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық фильм грант иеленді

19.11.2014
Қазақстандық фильм грант иеленді

Қазақстандық кинорежиссер Эмир Байғазиннің «Жаралы періште» атты картинасы Доха кинемотография институтының  (DFI) қолдауына ие болып, 120 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйақы алды.

DFI бұған дейін де Магриб және Таяу Шығыс елдерінің жобаларын қаржыландырумен айналысып келген. Ал, биыл ұйым бұл шараны кеңірек атқаруды қолға алды. Осы жылы ұйымға келген 396 өтініштен тек 24 кинематографист қана қолдауға ие болды. Олардың қатарында Эмир Байғазинмен қатар, Аноча Сувичакорнпонг (Тайланд), Жуан Салавиза (Португалия), Бабак Джалали (Иран) және басқалар бар.

Айта кету керек, былтыр тамыз айтында «Жаралы періште» Берлин халықаралық кинофестивалі аясындағы «Берлинале резиденциясы» жобаларды дамыту бағдарламасының стипендиаты атанған.

Ал, 2014 жылдың ақпан айында өткен 11-Берлин кинонарығы аясында бұл туынды мәдениет және өнерден сыр шертетін «ARTE»неміс-француз телеарнасының халықаралық жүлдесін және 6 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы иеленді.

Сондай-ақ, Эмир Байғазиннің жаңа жобасы голландтық Хуберт Балс қорының қолдауына ие болған ең үздік 11 халықаралық жобаның қатарына енген.

Хабарламаларға жазылу