Асқар Құмар баптайтын түрік палуандары Тараз қаласына жетіп, дайындығын бастап кетті.
1. Ахмет Озбай
Туған күні – 1985.
Бойы: 165 см.
Салмағы: 60 келі.
Жетістіктері:
– 2010 жылы дзюдодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
– 2012 жылы дзюдодан Түркия чемпионы.
2. Явуз Йаралы
Туған күні – 1989.
Бойы: 170 см.
Салмағы: 70 келі.
Жетістіктері:
– 2010 жылы дзюдодан Балқан ойындарының қола жүлдегері;
– 2011 жылы дзюдодан Түркия чемпионатының қола жүлдегері;
– 2008 жылы дзюдодан Жихатшенер турнирінің қола жүлдегері.
3. Мехмет Дурмаз
Туған күні – 1985.
Бойы: 185 см.
Салмағы: 90 келі.
Жетістіктері:
– 2009, 2010, 2011 жылдары дзюдодан Түркия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы;
– 2011 жылы дзюдодан Жастар арасында Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.
4. Юнус Емре Байындыр
Туған күні – 1985.
Бойы: 185 см.
Салмағы: 90 келі.
Жетістіктері:
– 2009,2010,2011 жылдары дзюдодан үш дүркін Түркия чемпионы;
– 2008 жылы дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
5. Мурат Гемалмаз
Туған күні – 1983.
Бойы: 183 см.
Салмағы: 140 келі.
Жетістіктері:
– 2005-2008 жылдары дзюдодан Түркия чемпионы;
– 2004 жылы кураштан Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері;
– 2005 жылы дзюдодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.
Айта кетейік, «Еуразия Барысы» ІІ халықаралық турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: kazakhstanbarysy.kz