Британияда өткен аукционда атақты «Битлз» тобының мүшесі Джон Леннонның гитарасы сатылмай қалды. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады. Тіпті, белгіленген төменгі бағаның өзіне де ешкім қызығушылық танытпаған.
Гитара аукцион алдында 600 мың фунтқа (939 мың доллар) сатылуы мүмкін деген болжамдар жасалған. Ұйымдастырушылар тарапынан гитараның аукционға қайта қашан шығарылатыны туралы ешқандай ақпарат берілмеді.
Айта кетейік, Джон Леннон «Gretsch 6120» маркасындағы бұл гитарамен 1966 жылы «Paperback Writer» әнін жазғанда ойнаған.