Сонымен қатар, Эрик Бессон – Франция чемпионатының екінші дивизионында ойнайтын «Гавр» (Le Havre Athletic Club) футбол клубының қожайыны.
Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сөз арасында Эрик Бессон қазақстандық жас футболшыларды даярлау ісінде көмек қолын созғысы келетіндігін жеткізді.
«Біздің жоғары білікті мамандар Қазақстанға келіп, футболшыларды кәсіби тұрғыда даярлауға әзір», – деді Эрик Бессон.
Тастанбек Есентаев франциялық әріптесіне әуелі «Қайрат» футбол клубымен келісімшарт жасасуды ұсынды.
«Бүгінде «Қайрат» ФК-ның базасы Қазақстанда үздіктердің қатарында. Министрлік тарапынан біз ынтымақтастыққа мүдделіміз және барынша жәрдемдесуге дайынбыз», – деп келтіреді вице-министрдің сөзін Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің ресми сайты.