Құрамында бағалы металдары бар рудаларды енді шетелге шығару үшін отандық үш зауыттың келісімін алу керек. Олар: Қазцинк, Қазақмыс жəне Астана аффинаж зауыты. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Үкіметтің бұл бастамасын бірден қолдады. Тиісті Заң жобасын бүгін Мəжіліс депутаттарына министр Əсет Исекешев таныстырды. Құжат бірінші оқылымда мақұлданды.
Құрамында бағалы металдары бар рудаларды шетелге үш зауыттың келісімі негізінде шығару бірінші кезекте ел байлығының ұстағанның қолында, тісегеннің аузында кетуінен сақтамақ. Сонымен бірге, бұл міндет бағалы металдарды өз елімізде көптеп өңдеуге септігін тигізеді.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
kaznews.kaztrk.kz