Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесті.
Қала әкімі мен ұлттық компания басшысы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара әрекеттестік мәселелерін талқылады.
Ә.Жақсыбеков сөзінде Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді тығыз қарым-қатынаста орындау қажеттігін атап өтті.
«Біздің әрекеттеріміз инженерлік желілерді, жолдар мен нысандарды салуда, бір сөзбен айтқанда, көрме қалашығына қатысты барлық мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге бағытталуы тиіс», - деді әкім.
Кездесу қорытындысы бойынша Жол картасы қабылданды.
Құжатта көрме қонақтарының қауіпсіздігі мен оларға жайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені көрсетілген, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.