Биыл – Жәнібек Кәрменовтің туғанына 65 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл – Жәнібек Кәрменовтің туғанына 65 жыл

26.11.2014
Биыл – Жәнібек Кәрменовтің туғанына 65 жыл

Биыл – Жәнібек Кәрменовтің туғанына 65 жыл. Ол ұлттың ұлы мұрасын жете таныған, ғасырлар қойнауынан аршып алып, халықпен қайта қауыштырған өнерпаз. Тек орындаушы, зерттеуші ғана емес, қылышынан қан тамған заманда Шәкәрім әндерінің жалғыз жоқтаушысы болды.

«Оның аспандата, тамылжыта салған асқақ әндері «құлақтан кіріп, бойды алатын». Әрбір туындының тереңіне бойлап, мағынасын ұғынып, салмағын сезініп барып айтатын. Көңіліне қонбаған, санасына сіңбеген әнді жұртқа жеткізуге асықпайтын»,-дейді көз көргендер.

«Әр әнді айтқан сайын, әннің тарихын, шыққан тегін орындаудағы нақыш, мәнерін айтып отыратын. Арасында әдемі әңгіме қосып қояды. Жәкеңнің еске қаларлық қасиеті осы еді»,-дейді  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, академик Ұлықпан Сыдық.

Жәнібек Кәрменов – орындаушы ғана емес, жазушы, тарихшы, шежіреші, шешен адам болған деседі. Өрелі өнерпаз қысқа ғұмырында соңына көл-көсір мұра қалдырып кетті.

«Адам ұрпағымен мың жасайды», деген бар ғой. Ұрпақ барда, қазақтың домбырасы барда, дәстүрлі әнді сүйетін қазақ барда Жәнібек мәңгі жасайды деп ойлаймын» ,-деп еске алады Жәнібек Кәрменовтің жұбайы Тұрар Бәйгенқызы.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу