Қоюшы дирижері - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.
Қоюшы хореографы - Еуропалық балет академиясының профессоры, Халықаралық балетмейстерлер конкурстарының лауреаты Вакиль Усманов.
Қарагөздің рөлінде театрдың жетекші солистері - Мәдина Басбаева, Әнел Рүстемова ойнайды. Сырым партиясында - Бақтияр Адамжан, Арман Оразов, Наршаны Тайыр Гатауов, Досжан Табылды билейді, Маржан рөлінде - Гауһар Усина.
Спектакльдің қоюшы суретшілері - Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов.
Балет қойылымы үшін 50-ден астам ұлттық костюм тігілген.
2 бөлімнен, 1 антрактіден тұрады. Ұзақтығы 1 сағат 50 минутқа созылады.