Ұлттық қауіпсіздікке, оның ішінде халық денсаулығына алаңдаған көптеген елдер бүгінде импорттық дәрі-дәрмекке қатысты талапты күшейтуде. Мәселен, көрші Ресей елінде осы саланы қамтитын Заң мықты болса, қытайлықтар өзге елден келетін дәріні «екі шұқып, бір қарайды».
Ал, Жапония мемлекеттің талабына титімдей болса да, сәйкес келмеген тауарды кері қайтарып жібереді екен. Бұған қоса зиянды дәрі-дәрмек заңсыз жолмен сауда айналымына түсер болса, бұл іске жауапты орындардың да тартар жазасы жеңіл емес.
Біздің елдегі фармацевтика саласының ахуалы қандай? күнделікті өмірде қолданатын дәрі-дәрмек біздің елде қалай жасалады?
Бүгін 10.05-те «Дауа» бағдарламасынан «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ-ның қызметі туралы біле аласыздар.