29 қарашадан бастап Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында жасалған визасыз келісім күшіне енді, деп хабарлайды Қазақстан Сыртқы істер министрлігі.
Келісімге сәйкес, қарашаның 29-ынан бастап Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяға 30 күн мерзімге визасыз барып келу тәртібі енгізілді.
Екі елдің үкіметтерінің арасындағы тиісті келісімге биыл маусымда Астана қаласында қол қойылған.
Ресми ақпарат бойынша, қазіргі уақытта Оңтүстік Корея елінің Қазақстанға салған инвестициясының көлемі 8 миллиард АҚШ долларын құрауда.