Әлемдегі әрі Ресейдегі ірі мәдени-тарихи мұражайлардың бірі Санкт-Петербургтағы Эрмитаждың 250 жылдығына орай, оған тегін кіруге болады.
Бұл туралы мұражай директоры Михаил Пиотровский айтты, деп хабарлады Интерфакс.
10 желтоқсанда Эрмитажға кіру тегін болмақ. Сондай-ақ, Пиотровский желтоқсанның әр бейсенбісінде Бас штабтың шығыс қанатына да кіру тегін болмақ.
Мұражай директорының айтуынша, мерейтой 7-9 желтоқсан аралығында өтеді.
Сондай-ақ, желтоқсанның 6-да Эрмитаждың мерейтойын мерекелеу аясында «Тарих балы» 3D қойылымы ұсынылады.