Тұңғыш Президент күнінде «Нұр Отан» Ақтау қалалық филиалы және Ақтау қалалық жастар саясаты орталығының қолдауымен «МАРТА» шығармашылық студиясы «...Бейбітшілік біздің көзімізбен» атты көркем сурет байқауын ұйымдастырды. Бұл туралы Ақтау қалалық жастар саясаты орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.
Көрмеге жас суретшілер мен кәсіби қылқалам және қолөнер шеберлерінің 100-ге жуық туындысы қойылды.
Мақсат – жастар шығармашылығын ынталандыру, кәсіби шеберлерді қолдау.
Сондай-ақ, көрме аясында байқау ұйымдастырылып, жүлдегерлер марапатталды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.