Солтүстік Кореяда Ким Чен Ын есімін қоюға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда Ким Чен Ын есімін қоюға тыйым салынды

03.12.2014
Солтүстік Кореяда Ким Чен Ын есімін қоюға тыйым салынды

Солтүстік Кореяда дүниеге келген сәбилерге бұдан былай Ким Чен Ын деген есім қойылмайды. Қойылған жағдайда ата-ана заңды жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл жайында "Yonhap News Agency" порталы хабарлап отыр.

Ал, бұған дейін ұлт көшбасшысының атын алған балалар дереу құжаттарын өзгертіп, есімдерін ауыстыруы тиіс. Билік өкілдерінің айтуынша, қарапайым азаматтар мемлекет басшысының аты-жөнін алмауы керек, яғни оған лайықты емес. Оның үстіне, өзгелерді шатастыруы әбден мүмкін.

Айта кетейік, 2011 жылы Ким Чен Ир өзімен аттас ел тұрғындарына ерікті түрде есімдерін ауыстыруға кеңес берген болатын. Солтүстік Кореяның негізін қалаушылардың бірі саналатын Ким Ир Сен де кезінде дәл осындай бұйрық шығарған.

www.aikyn.kz.

Хабарламаларға жазылу